389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кетті

  • 754
  • UPD: 10:47, 14.03.2019

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындаған болатын.

Әнші осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұраған. Әншінің айтуынша, ол бұл шоуда балалармен cайысқа түскісі келмейді.

Осылайша, енді осы байқаудың финалына қазақстандық Данэлия Тулешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам қатысады.

The World's Вest - CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл және актер Ру Пол бар, сондай - ақ, жүргізуші - британдық күлдіргі Джеймс Корден. Соңғы шешімді үш бас төреші мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің жақында ғана «Аққуым» әнінің бейнебаяны жарыққа шықты.

 

Хабар 24 телеарнасы