378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешова The World's Best шоуының финалына шыға алмады

  • 172
  • UPD: 17:00, 14.03.2019

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова америкалық The World's Best шоуының финалына шыға алмады, ол үндістандық Лидиан Надхасварамға жол берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шоудың кезекті кезеңінде Данэлия әнші P!nk-тің What About Us композициясын орындаған.

Қазақстандық қатысушының қарсыласы шоу жеңімпазы атанып, миллион доллар ұтып алды. Финалда ол Оңтүстік Корея акробаттары Kukkiwon-мен сынға түскен.

Бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан кеткені хабарланған еді. Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындаған болатын. Әнші осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұраған. Әншінің айтуынша, ол бұл шоуда балалармен жарысқысы келмеген. Осылайша, енді байқаудың финалына берілер жолдаманы қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам сарапқа салған.

The World's Вest - CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл және актер Ру Пол бар, сондай - ақ, жүргізуші - британдық күлдіргі Джеймс Корден. Соңғы шешімді үш бас төреші мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Каникулы off-line» жаңа отбасылық комедияның шығуына байланысты Данэлия Тулешова бейнебаян шығарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы