378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузия университетінде қазақ мәдени орталығы ашылады

  • 135
Грузия университетінде қазақ мәдени орталығы ашылады

Грузияның Сухуми мемлекеттік университетінде қазақ мәдени орталығы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ректорат білім ордасында арнайы кабинет бөлді, ал ол Қазақстан елшілігінің қолдауымен жабдықталады. Орталық қазақстандық суретшілердің туындыларымен безендіріліп, онда еліміздің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері жөніндегі кітаптар қойылмақ. Сондай-ақ оқытушылар мен студенттер осында еліміздің өнерімен жақын танысуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Грузиядағы Қазақстан елшісі Бауыржан Мұхамеджанов мәлімдеді. Ол оқытушылар мен студенттерге Қазақстан мен Грузия арасындағы қатынастардың тарихы, қазіргі жағдайы мен болашағы туралы айтып берді.

Бауыржан Мұхамеджанов, Грузиядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі:

– Дәрісімнің тақырыбы Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы жөнінде болды. Бүгінде Қазақстанның экономика мен саясатта, бүкіл салада жеткен жетістіктері, халықаралық беделі, мемлекет ретінде дамуында Президенттің атқарған еңбегі зор, сол жайлы айттым. Әңгімеміз өте қызық өтті.

Зураб Горгодзе, студент:

– Қазақстан елшісінің университетімізге келуінің маңыздылығын атап өткім келеді. Сондай-ақ бізге кітаптар сыйлады. Қазақстанда достарым көп болғандықтан, біразын оқығанмын. Олар өзге студенттерге қызық болады деп ойлаймын, бәріне осы еңбектермен танысуға кеңес беріп жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы