378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда ашамайға отырғызу дәстүрі қайта жаңғыртылды

  • 97
  • UPD: 20:07, 15.03.2019
Қарағандыда ашамайға отырғызу дәстүрі қайта жаңғыртылды

Ер бала есін біліп, жан-жағын танып, ат үстінде өзін-өзі ұстай алатын жағдайға жеткенде ашамайға отырғызған.

Бұл – 5-6 жасқа толған бүлдіршіннің сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын қазақтың ежелгі салт-дәстүрінің бірі. Өкінішке орай, соңғы кездері ұмыт болып барады. Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағандыдағы бейнелеу өнері музейінің ұжымы осынау тәрбиелік мәні зор салтымызды қайта жаңғыртты. Ағаш атқа ер салып, оған баланы отырғызды. «Бұл – жас өренді еңбекке баулудың алғашқы баспалдағы», – деді ақ батасын берген ақсақал. Ал аналарымыз шашуын шашты. Бұл күні сондай-ақ ер балалар асық ойнап, арқан тартса, қыздар кесте тігіп, ою ойды.

Мейрамгүл Елубаева, музейдің ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекшісі:     

- Баланы 5-7 жастан бастап ашамайға мінгізетін болған. Ол үшін арнайы ертоқым дайындалады. Әкесі оны атқа мінгізіп, ауылдың ақсақалы бата беріп, баламыздың жолы ақ болсын деген мақсатта ашамайға мінгізіп, ауылды аралатып, оған сыйлықтар жасалып, шашу шашылып, сондай дәстүр болған. Бүгінгі күнде бұл ұмытылып кетті. Қала мектебінің балалары ғой, соны білсін деп, әрі қарай жаңғыртсын деген мақсатпен осы шараны өткізіп жатырмыз.

Авторы: Ардақ Қабыханов

Хабар 24 телеарнасы