388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік әдебиетші мың кітабын кітапханаға өткізді

  • 684
  • UPD: 08:30, 17.03.2019
Семейлік әдебиетші мың кітабын кітапханаға өткізді

Семейдегі Абай атындағы әмбебап кітапхананың қоры тың дүниелермен толықты.

130 жылдық тарихы бар рухани ордаға елімізге жақсы таныс әдебиетші-ғалым, профессор Серікқазы Қорабай жеке қолданысында болған мың кітапты тапсырды. Олардың ішінде қазақ және шетел әдебиеті классиктерінің шығармалары, салт-дәстүрге қатысты туындылар, белгілі ғұламалардың өміріне қатысты еңбектер бар. Академик Мұхтар Омарханұлының 20 томдық шығармалар жинағы да семейлік оқырмандардың жан дүниесін байытпақ. Кітапхана ұжымы құнды дүниелерді жұртқа таныстыру үшін арнайы көрме ұйымдастырып, тамаша бастама авторымен оқырмандар арасында кездесу өткізді.

Серікқазы қорабай, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі:

- Бұл менің сонау бала күнімнен бастап жинаған кітаптарым. Соның ішінде өзімнің оқыған кітаптарым, кейбірінің артық даналары, кейбірін әбден оқып болып өзімнің жеке жазып алған дәптерлерімде сақталғандықтан кітаптарды болашақта өзіміздің кейінгі ұрпақ танысын деген мақсатта қорымнан алып, туған жеріме әкеліп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы