379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр елінде «Қобыз үні» атты қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды

  • 180
  • UPD: 14:22, 18.03.2019

Жыл басы Наурыз мерекесі қарсаңында Сыр елінде «Қобыз үні» атты республикалық қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды.

Мұнда жас ұрпаққа тамыры тереңде жатқан ою-өрнектер жөнінде мол мағлұмат берілді. Дәстүрлі мәдениетті жаң­ғырту арқылы, ұлттық құндылықтарымызды көтеруге бағытталған шараға Алматы, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан зергер-тігіншілер келіп қатысты. Көрмеде 50-ден астам шебердің көз майын тауысып жасаған мыңға жуық бұйымы ұсынылды. Он саусағынан өнер тамған ұста-тоқымашылардың тұмса табиғат көрінісін, қазақтың тұрмыс-салтын ерекше бедерлеп-бейнелеген еңбектері көздің жауын алады. Өлкетану, этнографияға саяхат жасалған туындыларды арнайы қазылар алқасы сараптайды. Ықылымнан үн қатқан мұрағат-шежіреден сыр шерткен этнокөрме өңірдегі Ұлыстың ұлы күніне арналған шаралардың бастауы болды.

Аида Керімқұлова, ұйымдастырушы:

-  Қазақта айтады ғой оюлар сөйледі деп. Әр оюдың мән-мағынасы, тарихы бар. Ұлттық киімді тек Наурызда ғана емес деген стереотипті бұзуға талпынып жатырмын. Себебі ұлттық киімдерді күнделікті киюге, оны басқа шетелде пайдаланғандай кеңселік киім ретінде пайдалануға барлық қазақстандықтардың патриоттық сезімін оятып шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы