376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» классикалық өнер саласындағы халықаралық жүлдемен марапатталды

  • 174
  • UPD: 09:28, 21.03.2019
«Астана Опера» классикалық өнер саласындағы халықаралық жүлдемен марапатталды

«Астана Опера» классикалық өнер саласындағы BrАVo халықаралық жүлдесімен марапатталды. Қазақстандық театр «Үздік концерт/театр алаңы» номинациясында жеңіске жеткен.

Мәскеудің Үлкен театрында өткен марапаттау шарасында «Астана Операның» әншісі Салтанат Ахметова өнер көрсетті. BraVo жүлдесі осымен  екінші рет өткізіліп отыр, ол классикалық музыка саласындағы өнерпаздардың еңбегін бағалауға арналған.

Виктор Караре, «Астана Опера» театры директорының орынбасары:

 - Бұл үлкен ұжымымыздың шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Сарапшылар мен халықаралық музыкалық қауымдастықтың бізге берген бағасының маңызы зор. Әлемдік деңгейге жеткенімізге бәріміз өте ризамыз. Еліміз бен театрымызды дүниеге паш еткенімізді мақтан тұтамыз.

Хабар 24 телеарнасы