388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурыз ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде тойланды

  • 787
  • UPD: 23:15, 21.03.2019

Он бір елдің өкілдері ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Олар дәстүрге сай ұлық мейрам Наурызды бірге қарсы алмақ. Жиында әр мемлекет өкілі дастархан жайып, ұлттық тағам әзірлеген. Ән мен күй әуелеп, жұрт шат-шадыман.

Қазақтың дастарханы мен қонақжайлылығы Францияда да әйгілі. Наурыз көже, қазы-қарта мен жентті мұндағы жұрт сүйсіне жейді. «Қазақ халқының ұлттық тағамы молшылық пен береке көрінісіндей», – дейді олар.

Шахрбану Таджбахш, саяси ғылымдар институтының профессоры:

- Қазақ халқына Наурыз құтты болсын дегім келеді.

Осыдан 9 жыл бұрын БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен Наурыз халықаралық мереке мәртебесін алды. 2016 жылдан бастап мейрам мәдени мұра тізіміне енгізілді. Оған 12 мемлекет ұйытқы болған.

Фенг Жинг, ЮНЕСКО-дағы Бүкіләлемдік мәдени мұра Орталығы Азия-Тынық мұхиты бөлімінің директоры: 

- ЮНЕСКО-ны біріктіретін басты құндылық – материалдық емес, мәдени мұра. Бұл Наурыз сияқты дәстүрімізді баянды етуде өте маңызды. Көктем мерекесі баршаны келісім мен қуанышқа жетелейді.

Елімізде Наурыз үш күн тойланса, ирандықтар 13 күн бойы думандатады. Мейрамда ағаш егіп, ұлттық ойындар ойналады. Франция да Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет. Олар көктемнің басты мерекесінде жаңаруды, жақсылыққа ұмтылуды дәстүрге айналдырған.

Табарек Доуг, Франциядағы қазақ диаспорасының өкілі:

- Бірлік, берек, бақыт алып келсін деп тілейміз. Қатты қуаныштымыз. Ұлыстың ұлы күні құты болсын, ақ мол болсын.

ЮНЕСКО-дағы дипломатиялық кездесу керемет көңіл-күйге ұласты. Жиналғандар би билеп, ақжарма тілектерін айтысты.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Әлия Сыздықова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы