379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте өнерпаздар мерекеге жиналған халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

  • 141
  • UPD: 19:36, 22.03.2019
Шымкентте өнерпаздар мерекеге жиналған халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Шымкентте Наурыз алаңына жиналған қала тұрғындарына өнерпаздар мен эстрада жұлдыздары мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шаһар жұртшылығын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы құттықтады. Мұнда да ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, көпшілікке мерекелік дәм - наурыз көже үлестірілді. Наурызды халқымыз жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Бір-біріне «Ұлыс оң, Ақ мол болсын» деп төс қағыстырғандар алты қанат ақ үйге кіріп ұлық мейраммен құттықтап жатты. Шаһарда Наурыз тойы күні бойы жалғасын тапты.

Исамуддин Рысбай, қала тұрғыны:

- Наурыз мерекесі құтты болсын. Ақ мол болсын! Барлық Шымкент халқына, жалпы Оңтүсттікке Қазақстан халқына мынау Наурыз мерекесі жыл он екі ай тек жақсылықтарымен болсын деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы