379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мұзбалақ» мультфильмінің балаларға арналған қайырымдылық көрсетілімі өтті

  • 194
  • UPD: 23:27, 22.03.2019

Наурыз мейрамын жаңа форматта тойлау. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының бұл бастамасы аясында елордада 500-ден аса бала «Мұзбалақ» мультфильмін тамашалады.

Атап айтқанда, көп балалы, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер ұлық мейрамды осылай атап өтті. Министрдің айтуынша, мұндай арнаулы даталарда балаларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Айта кетейік, 24 наурыз күні отандық туынды орыс тілінде де көрсетіледі. 

Гүлжәмилә Саумалова, Алтын алқа иегері:

- 7 баланың анасымын. Алтын алқа иегерімін. Балаларымызды постоянно шақырып тұрады осы жерге қандай концерт болсын, мультик болсын, жзаңа жылдық іс-шаралар болсын қалдырмайды. Алғысымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы