379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде ұмыт болған ұлттық аспаптарды жаңғыртылуда

  • 186
  • UPD: 15:20, 23.03.2019
Ертіс өңірінде ұмыт болған ұлттық аспаптарды жаңғыртылуда

Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Көнеден жеткен күмбезді әуен» жобасы жүзеге асырылуда.

Басты мақсат – ұмыт болған ұлттық аспаптарды жаңғыртып, музыкалық айналымға енгізу. Бүгінде бұл бағытта музыкалық және өнер мектептері үшін этно-фольклорлық аспаптар сатып алынып жатыр. Қазіргі уақытта сирек қолданылатын сазсырнай, дабыл, жетіген, шаңқобыз, адырна сияқты аспаптарды ұлттық оркестрлерінің репертуарына кеңінен енгізу көзделген. Ата-бабадан қалған мұраны жастар арасында насихаттап қоймай, әр аспаптың тарихын жеткізу де негізгі мақсат. Қуантарлығы, қазіргі кезде көнеден жеткен жетіген және адырнаны дамыту бойынша ауқымды істер қолға алынды. Мәселен, жергілікті өнерпаздар алтыншы ғасырда пайда болған адырнаның сүйемелдеуімен 20-ға жуық туындыны дүниеге әкелді. Болашақта арнайы концерт ұйымдастырылып, арнай мектеп ашу да көзделген. Аталған пилоттық жоба аясында әр өнер мектебінің жанынан «Өнеге» атты фолькорлық топтар құрылды.

Назымгүл Шапағат, дәстүрлі әнші:

- Бұрындары ұмыт болған, қазір қайтадан жаңғырып жатыр. 60-жылдары  Болат Сарыбаев дейтін ғалым-этнограф бұл аспапты қайтадан жаңғыртып шығарды. Жоғары оқу орнында жалғастырып, өзімнен кейінгі жастарға да мұра ретінде қалдырғым келеді.

Бейбіт Сансызбай, колледж студенті:

- Адырна және жетіген сияқты асаптар өте қиын, оларда ойнай білу. Бірақ домбыра қазіргі кезде ең жеңіл аспап деп ойлаймын. Және де әр үйде, тіпті менің үйімде де бар. Бірақ жетіген мен адырна аспаптарында ойнау – үлкен өнер.

Хабар 24 телеарнасы