388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «Ұлы бабалар ізімен» атты экспедиция жолға шығады

  • 586
  • UPD: 09:13, 25.03.2019

Шығыс Қазақстан облысында алдағы жаз айларында «Ұлы бабалар ізімен» атты экспедиция жолға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құрамында әдебиеттанушы ғалымдар, этнографтар, зерттеуші журналистер бар. Арнайы топ қазақ тарихында өшпес із қалдырған билер мен батырлардың, ақындардың туып-өскен жерлерін аралап, тың деректер жинаумен айналысады. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жарма ауданында өткен ғылыми-практикалық конференцияда мәлім болды. Басқосуда Тәуке ханның тұсында ерлігімен, шешендігімен көзге түскен нар дауысты Нарынбай би, оның баласы Қытайға тұңғыш барған қазақ елшілерінің бірі қу дауысты Құттыбай жөнінде терең әңгімелер қозғалды.

Серікқазы Қорабай, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі:

– Бұл – әлемдік феномендік құбылыс. Бір таптан, бір атадан шыққан 17 ақын. Сыбаннан шыққан 17 ақын деген сөз ұлы Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде жиі кездеседі. Олардың тізімдері негізінен анықталды. Оның ең басында атақты би Ақтайлақ би тұр, онан кейін Түбек пен Сабырбай. Олардың шығармалары әрине толығымен жиналған жоқ. Алдағы уақытта экспедиция халық арасына барғанда мүмкін сол кісілердің бұрын белгісіз болған шығармалары табылып қалар деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы