377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Алла Пугачеваға арналған концертке қатысады

  • 190
  • UPD: 14:36, 27.03.2019
Димаш Құдайберген Алла Пугачеваға арналған концертке қатысады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеуде ресейлік Алла Пугачеваға арналған шығармашылық кеште өнер көрсетеді.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазды Tengrinews.kz.

«Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше», - деп жазды Димаш.

Пугачеваның мерейтойына арналған «Подарок для Аллы» концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холлда өтеді.

Концертте Құдайбергеннен бөлек, Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Светлана Лобода, Валерий Леонтьев және басқа да ресейлік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеште Алла Пугачева мен Максим Галкин жүргізуші болады.

Айта кетейік, Пугачева 15 сәуірде 70 жасқа толады.

Оның репертуарында 500-ден аса ән бар.

Естеріңізге салсақ, Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі концерттері аншлаг жинаған болатын. БАҚ ақпараттары бойынша, әншінің концертіне әлемнің 50-ден аса елінен жанкүйерлер келген.

Хабар 24 телеарнасы