379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда Халықаралық театр күні аталып өтті

  • 97
  • UPD: 17:01, 27.03.2019
Нұр-Сұлтанда Халықаралық театр күні аталып өтті Мәдениет және спорт басқармасы

Биыл Театр күні Комедия театрында тойланды, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Әуелі театр ұжымдары, өнер майталмандары қызыл жолмен жүріп өтті, суретке түсті, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

Қалалық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов өнер иелерін мерекемен құттықтай келе, олардың зор еңбектерін атап өтті.

Бұған көптеген республикалық және халықаралық театр фестивальдерде қол жеткізген жетістіктер дәлел бола алады. 

«Тәуелсіздік жылдары елордамыз мәдениет пен өнер саласында жаңалықтар мен инновациялар жаршысына айналды. Әлемдік театр өнерінің маңдайалды туындыларын тамашалауға мүмкіндік беріп отырғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шеберліктеріңіздің, таланттарыңыздың арқасында мыңдаған көрермен шығармашылық жолына түседі», - деді Болат Мажағұлов.

Басқарма басшысы театр ұжымдарына шығармашылық табыс, шабыт пен үздік спектакльдер қоюды тіледі.

Хабар 24 телеарнасы