380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде Еуропадағы түркітілдес диаспоралардың ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

  • 155
  • UPD: 15:12, 29.03.2019

Мәжіліске Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев және ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейресми мәлімет бойынша, бүгінде Германияда түркі тілдерінде сөйлетін 4 миллионнан аса адам тұрып жатыр.  Кездесуге қатысушылар бірлескен жобалар мен өзара ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін де талқылады. Мысалы, Германияда тұратын қазақтарды тіл мәселесі алаңдатып отыр. «Аға және орта буын қазақ тілінде сөйлесе, өскелең ұрпақ тіл білмейді», – дейді олар. Алайда жастардың туған тілін меңгеруге ниеттері зор. Сол себепті, қандастарамыз Еуропада қазақ тіл орталықтарын ашып, бірлескен шараларды көбірек өткізуді көздейді. 

Малабакан Безерітхан, Берлиндегі қазақ диаспорасының өкілі:

- V құрылтай Астанада болған, қазір астанамыздың аты Нұр-Сұлтан болып кетті. Оған да қуаныштымыз. Елбасы сол кезде айтқан сыртта шетелде жүрген қазақтардың тіл пролемасын шешеміз деп айтты, өздерімізде осы күні жасаған презентацияда отандастар қорынан келген ағаларымыз Абай институттарын ашамыз деп, бізге сөз берді.

Омер Косаман, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары:

- Диаспора өкілдерімен кездескенімізде бірнеше маңызды шешім қабылдадық. Бірлескен жобалар мен бағдарламаларды қолға алатын болып, жоспар құрдық. Әр елдегі диаспора өз шараларын өткізіп жүр. Біз бәрін біріктіргіміз келеді. Еуропада, АҚШ пен бүкіл әлемде түркітілдес диаспоралар арасында диалог орнаса дейміз. Көздейтін мақсатымыз да осы.

Хабар 24 телеарнасы