379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Франция дәмі» атты гастрофестиваль өтті

  • 129
  • UPD: 23:12, 30.03.2019

«Франция дәмі». Өскеменде Ұлыстың ұлы күнін мейрамханалар осындай атаумен әлі мерекелеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Француздың әлемге әйгілі аспазшысы облыс орталығында шеберлік сағатын өткізді. Тұңғыш рет гастрофестиваль ретінде ұйымдастырылған шараға қаладағы таңдаулы мейрамханалардың ас әзірлеушілері қатысты.

Дженго Вака – Өскеменде өтіп жатқан «Франция дәмі»  гастрофестивалінің басты қонағы. Ол – аспаздық бойынша әлмеде берілетін «Оскар» сыйлығының «Мишлен»  жұлдызының бірден-бір иегері. Бүгін ол аспаздарға тауық етінен ыстық тамақ және алмадан десерт дайындау бойынша шеберлік өткізді.

Дженго Вака Марко Аурелио, бас аспаз /Франция/:

- Асхана деген – ол әрқашан тәжірибе алмасу. Сондықтан мен бүгін өз білгенімді үйретіп қана қоймай, сіздердің аспаздан да үйренемін. Өйткені әр елде тағамның түрлері бөлек. Әр аспаздың тамақты дәмді етіп дайындау құпиясы осында жатыр.  Ал асхана – ол менің өмірімнің мәні.

Франконаурыз фестивалін ұйымдастырушылар қаладағы мейрамхана иелеріне үлкен мүмкіндік беріп отыр. Өйткені Еуропаға кез келген аспаздың барып оқып келуге жағдайы жоқ.

Қымбат Әнуарбекова, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы:

- Фестиваль туризмді дамытып, туристер тарту мақсатында өткізіліп отыр. Осылайша қызмет көрсету саласындағы сапаны арттырмақпыз.

Евгений Петров – осы фестиваль өтіп жатқан мейрамхананың бас аспазы. Француздық аспаздан үйренген тамақ түрін мейрамхананың мәзіріне енгізуге құлшынып жүр.

Евгенмй Петров, мейрамхананың бас аспазы:

- Бұрын аспаз мамандығы асханаға барып борщ пісіру сияқты  болды ғой. Қазір бұл маман иелерінің танымалдылығы артты. Өйткені түрлі телешоулар өтеді. Ал бүгін бізге атақты француз аспазы келіп жатыр. Бұл – біз үшін үлкен оқиға. Ал өз басым тамақ пісіруді өте жақсы көремін. Қазақстанда ет көп. Сондықтан одан тамақ істеуге мүмкіндік мол.

Жақында Евгений сияқты осы фестивалға қатысқан аспаздар басқа әріптестері арасында өз шеберліктерін көрсетіп сайыс өткізбек. Сол байқаудан жеңімпаз атанған аспаз Францияға бір апта тегін оқуға баратын болады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов  

Хабар 24 телеарнасы