376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Маугли. Джунгли кітабы» қойылымының премьерасы өтті

  • 155
  • UPD: 07:49, 02.04.2019

Алматыдағы Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында «Маугли. Джунгли кітабы» қойылымының премьерасы өтті.

Редьярд Киплингтің атақты ертегісі сахналық шоуға айналған. Қызықты сюжет, өткір диалогтар балаларды еріксіз жануарлар әлеміне жетелейді. Жаңа қойылымның алғашқы көрермендері балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. 

«Маугли. Джунгли кітабы» қойылымы негізгі адами құндылықтар – адалдық, құрмет пен шыншылдықты насихаттайды. Қойылымның режиссері, Тәжікстанның еңбек сіңірген артисі Сұлтан Османов, жануарлар қарым-қатынасы арқылы көрерменге осы қасиеттерді жеткізгісі келген. Кішкентай көрермендер, сүйікті жануарларының әр қимылын қалт жібермей қадағалады.

Мирболат Берниязов, актер:

- Адам өмірін  джунгли әлемімен салыстыруға болады. Жануарлардың да өз заңы бар, олардың арасында да сатқындар да, арандатушылар да бар. Сондай-ақ көмек қолын созуға даяр адамдар да бар.

Қойылымға 27 образ қатысты. Олардың әрқайсысына костюмдер қолмен арнайы тігілген. Багира мен Каа-ның костюмдеріне жапсырылған моншақтар әдемілікті көрсетіп қана қоймай, жануарлардың денесінің иілімділігін байқатты. Айта кету керек, табанды дайындықтың арқасында  әр актер өз кейіпкерінің ерекше мінез құлқын ашып көрсеттті.

Кристина Золочевская, актриса:

- Маған дененің иілімділігін көрсететін образдар ұнайды. Үйімде ақ және қара түсті екі мысық бар. Қарасы тура багира сияқты. Олардың қимылын ұзақ уақыт бақыладым. Әрине қиын болды, бірақ тырыстым.

Гүлшат Омарова, костюм суретшісі:

- Бұл жерде мен бұрын соңды аңдардың костюмдері жай ғана комбенезонмен шығарсақ, Бұл жерде біз қол жұмысын көп жасадық. Сондықтан менің ойымша басқа спектакльдермен салыстырғанда ерекше болды деп ойлаймын.

Жарық берудің жаңа технологиясы мен ашық түсті маталардың арқасында джунглиді сахнада жаңғырттық, - дейді қоюшы-суретші Владимир Понамарев. Декорацияға қолдан тоқылған тор, габардин, фетр, парша маталары қолданылған. Жаңа қойылым көрермендерге сүйікті ертегіні тағы бір парақтап оқуға ой салды. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Сержан Жумабаев

Хабар 24 телеарнасы