376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтті

  • 161
  • UPD: 23:45, 03.04.2019
Таразда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтті

Қазылар алқасы Жамбыл облысының түкпір-түкпірінен келген бас-аяғы 100 дарынды баланың вокалды қабілеттерін бағалады.

Нәтижесінде ақтық ән сайысына 12 жастағы Ділнұр Атагелді жолдама алды. Ділнұрмен бірге тағы 16 бала қазанның 24-і мен 26-ы күндері Алматыда өтетін суперфиналда бақтарын сынайды. «Бала дауысының» 4-маусымы бұл жолы спектакль-мюзикл түрінде ұйымдастырылып, қайталанбас шоумен көрерменді таңдай қақтырмақ. Ән байқауының жеңімпазы еліміздің музыкалық білім ордаларының бірінде оқуға грант ұтып, «Диснейленд» ертегілер әлеміне саяхаттайды.

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» байқауының ұйымдастырушысы:

-Ақтық финал 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде өзінің дуэтпен ән орындайды. Және бұрын-соңды елімізде болмаған қойылым қойылады. Яғни спектакль-мюзикл болады. Сол себепті біз балаларға қатты талаптар қойып отырған жоқпыз. Бірақ, балалардың әртістік шеберлігіне және вокалдық қабілеттеріне жақсылап қараймыз деген мақсат бар.

Хабар 24 телеарнасы