384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік труппа елімізде спектакльдерді лицензиясыз қоймақ болған

  • 363
  • UPD: 23:43, 05.04.2019
Ресейлік труппа елімізде спектакльдерді лицензиясыз қоймақ болған

Ресейлік продюсерлік орталықтардың бірі еліміздің 12 қаласында «Нотр-Дам де Пари» және «Ромео мен Джульетта» спектакльдерін лицензиясыз қоймақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Абырой» авторлық қоғамы директорының орынбасары хабарлады. Ринат Абдулхаликовтың айтуынша, ресейлік труппаның гастрольдік сапары наурыз айына жоспарланған. Алайда бұл қойылымдардың авторлық құқығы британиялық компанияға тиесілі екен. Мәселенің мән-жайын анықтау барысында ресейлік орталықтың британиялықтармен келісімге келмегені белгілі болды.    

Ринат Абдулхаликов, «Абырой» авторлық қоғамы директорының орынбасары:

- Қазақстан аумағында концерт қоюға олардың рұқсаты қағазы болмай шықты. Яғни бұл – заңға қайшы әрекет. Біздің шағымымызға негіз болған фактор да осы. Бұл қойылымдарды сахналау лицензиясы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде, нақтырақ айтқанда, «Қазақконцерт» ұйымында. Біз мәселенің мән-жайын білу үшін ресейлік продюсерлік орталыққа хабарластық. Оларға бағдарламаны кейінге шегеруді ұсындық. Олар гастрольдік бағдарламаларынан мүлде бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы