389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


11 сәуірде «Балуан Шолақ» фильмінің тұсаукесері өтеді

  • 816
  • UPD: 23:41, 05.04.2019
11 сәуірде «Балуан Шолақ» фильмінің тұсаукесері өтеді

Араға тағы бір апта салып туынды отандық кинотеатрлардан көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туындыны жазушы Дулат Исабековтің сценарийі негізінде «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Тарихи кинолентада Балуан Шолақ атанған Нұрмағанбет Баймырзаұлының алдына жан салмайтын балуандық қасиеті суреттелген. Түсіру жұмыстары Алматы облысы мен Павлодар қаласы және Бурабай курорттық аймағында өткен. Оған жалпы саны  300-ден астам адам қатысты. Ал жауырыны жерге тимеген балуанның рөлін танымал актер Еркебұлан Дайыров сомдады. Тарихи туынды тек елімізде көрсетіліп қана қоймай, Дағыстанның 5 қаласында да көрерман назарына ұсынылады. Сондай-ақ алдағы уақытта Америкада көрсету үшін келіссөздер жүріп жатыр.

Нұргелді Садығұлов, «Балуан Шолақ» фильмінің режиссёрі:

- Бұл фильмде Балуан Шолақты әнші, композитор, балуан ретінде көрсету мақсаты болған жоқ. Біз оны тұлға ретінде, елі үшін, жері үшін жанын пида еткенін көрсетуге тырыстық.

Еркебұлан Дайыров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Уақыт өте қысқа болды. Екі ай дайындық мерзімі. Бір ай ішінде 15 келі салмақ қостық және сырт келбетін сәлде болса жақындатуға тырыстық, қолдан келгенше. Күнде спортпен шұғылданып, арнайы жаттықтырушыдан қазақша күрестен сабақ алдық. Осының бәрі оңай дүние емес. Бірақ Балуан Шолақты халықпен қауыштыру үшін қандай да болсын актер осындай жұмысқа барады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы