379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «Бала дауысы» байқауының өңірлік іріктеу сыны өтіп жатыр

  • 132
  • UPD: 23:40, 05.04.2019
Шымкентте «Бала дауысы» байқауының өңірлік іріктеу сыны өтіп жатыр

Оған 8-12 жас аралығындағы 200-ден астам талапкер қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазылар олардың арасынан Алматыда өтетін суперфиналға баратын өнерлі біреуін таңдауы тиіс.  Шымкенттің намысын қорғайтын өнерпазды жобаның музыкалық продюсері Фарида Ниязова мен елімізге танымал әнші Салтанат Бақаева анықтайды. 

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» ән байқауының ұйымдастырушысы:

- Олар Алматы қаласына келіп екі ай көлемінде хореография, вокал, актерлік шеберлік сабақтарынан сабақ алып, ол балаға арнайы авторлық әндер жазылады, сахналық киімдер дайындалады. Сол баланы таңдауға біз бүгін Шымкент қаласына келіп отырмыз. 

Ұлдана Шейімбекова, байқауға қатысушы:

- Мен бұл жаққа өзімді сынап, дауысымды көру үшін келдім. Жеңемін деп келдім, жеңбесем оны да көремін. Жарыстарда ұтпасам да келіп-келіп үйреніп кетемін. Бүгінгі байқауда француз, украин тілдерінде әндер айтайын деп тұрмын.  

Хабар 24 телеарнасы