388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйгілі музыкант Джо Дасеннің ұлы домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқады

  • 675
  • UPD: 22:09, 06.04.2019

Париждегі қандастарымыз Ұлыстың Ұлы күнін тойлады. Наурыз мерекесін әр жылдың бірінші сәуірінде атап өту бұл елде игі дәстүрге айналған.

Ақшаңқан киіз үйлер, ырысқа толы дастархан, ұлттық киім киген қазақтар. Бір қарағанда Қазақстандағы дүбірлі тойды еске салады. Бірақ бұл Париждың бел ортасы. Жиналған қауым төл мерекеміз Наурызды тойлап жатыр.

Белгілі өнерпаздар Бүркіт пен Аиша шетелдегі бауырларын құттықтай келіпті. Халықтың ықыласынан қазақтың әуеніне деген сағынышты байқауға болады.

Бүркіт, әнші:

- Франция елінде біздің қарындастарымыз. Сол үшін келіп жатырмыз.

Бұл күні қазақстандық сән үйлері де Париждегі отандастарын тәнті етті. Этникалық коллекциялардың ішінде алтын кестеге зер салғандар көп. Көне бұйымдар мұнда да ұлықталады.

Айжан Абдубаит, «Зерлеу» авторлық сән үйінің директоры:

- Иә, бұйымдарымызға қызығушылар көп болды. Біздің өнерімізді бағалайтыны қуантты. Осынау туындылардың тарихы, оның өте көнеден келе жатқаны жайлы айтып жатты.

Жергілікті қазақтардың да өнері көпшілік қошеметіне ие. Мерекеге орай француз әншісі Джо Дассеннің ұлы Джонатан елімізге ыстық сәлемін жолдады.

Джонатан Дассен, әнші:

- Менің жанымның бір бөлігі қазақ. Сіздердің мемлекеттеріңіз мен үшін ыстық. Шын сөзім осы. Менің әкемнің өнерін бағалайсыздар. Мені де тыңдайсыздар. Сол үшін Қазақстанға алғысым шексіз.

Мереке соңында дәстүрге сай көпшілікке наурыз көже таратылды. Париждегі Ұлыстың ұлы күнін осылай тойлаған көпшілік мәре-сәре.

Авторлары: Алия Сыздықова,  Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы