379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада бал билері жанры бойынша халықаралық жарыс өтті

  • 152
  • UPD: 22:15, 06.04.2019

Қызылордада халықаралық бал биінен Еуразия кубогі сарапқа салынды.

Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Оңтүстік Корея мемлекеттерінен және ел аумағынан 500-ден астам биші жиналған сайыс жастар жылына арналып отыр. Сыр өңірінде 2-ші рет ұйымдастырылып отырған көркем эстетикалық байқаудың қатысушылары латынамерикалық және еуропалық нұсқалары бойынша сынға түсті. Жарысты бастаған жасөспірімдерден кейін паркетке 4 жастан асқан бүлдіршіндер шықты.

Игорь Ким, ұлттық би кеңесінің президенті:

- Отандық өнерпаздардың әлемнің үздік би орындаушыларымен бірге өнер көрсетуін мақсат тұтты. Бәсекелестік жоғары болған жерде жас бишілеріміздің шеберлігі шыңдала түседі. Қызылордада Кеңестік кезеңнен бал билері  мектебі қалыптасқан. Шығармашыл жастардың өнерін шыңдауға бағытталған байқаулардың көптеп ұйымдастырылуы арқасында сырбойылық өрендер көп жетістіктерге қол жеткізіп отыр. 

Алтынай Қонысбек, қатысушы:

- 3 би: самбо, ча-ча-ча, баяу вальс. Бұл билер маған іс-әркеттерімен өте қызықты. Қазір өзіме сенімді болып тұрмын.

Хабар 24 телеарнасы