388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде Атырау филармониясы оркестрінің концерті өтті

  • 472
  • UPD: 08:50, 07.04.2019

Атырау филармониясы оркестрі Париждің ескі сахнасында өнер көрсетіп, көрермендерді баурап алды.

Қазақстандық шығармашылық ұжым қала тұрғындары мен қонақтарына «Ұлы даланың алтын музыкасы» бағдарламасын ұсынды.

Кеште еліміздің ұлттық және классикалық туындылармен бірге еуропалық композиторлардың шығармалары да орындалды. Әртістеріміздің ұлттық аспаптарда әлем классиктерінің туындыларын шебер ойнауы көрермендерді таң қалдырып, ыстық ықыласына бөленді. Шараны ұйымдастырушылар концерт Нұрмахан Жантөрин атындағы окркестрдің танымалдығын арттырып, тыңдаушыларының қатарын көбейткенін айтады. 

Хабар 24 телеарнасы