377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рим Папасы ақтөбелік опера әншісін марапаттайды

  • 134
  • UPD: 13:05, 07.04.2019
Рим Папасы ақтөбелік опера әншісін марапаттайды РИА Новости

Ақтөбелік опера әншісі Светлана Касьян әулие Сильвестр рыцарь орденіне лайық болды.

Бұл марапатты оған Рим папасы Франциск табыстайды, деп хабарлайды tvkultura. Марапаттау рәсімі пасха күндері Ватиканда өтеді. Италияда өнер көрсетіп жүрген әнші папа Францискпен бірнеше рет ресми кездескен. Әртістің айтуынша, оның мақсаты – халыққа, Құдайға және әдемілікке қызмет ету. 

Светлана Касьян Ақтөбеге 1993 жылы Батумиден көшіп келді. №26 мектепте, кейін музыка колледжінде оқыды. Кейінірек Светлананы Мәскеуге шақырды, осылайша оның әлемдік сахнаға жолы басталды. Әнші Вашингтонда Пласидо Домингода сынақтан өтті.

Қазір Светлана Касьян Үлкен театрдың солисі және әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр, деп жазады kaz.tengrinews.kz. 

Хабар 24 телеарнасы