380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтуде

  • 182
Түркістанда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтуде

Түркістан шаһарында «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас өнерпаздардың жұлдызын жағатын жобаға облыстың әр түкпірінен 100-ден аса бала қатысып, бақтарын сынауда. Қазылар алқасы 8-12 жас аралығындағы бүлдіршіндерге әртүрлі бағыттағы әндерді айтқызып, дауысы мен вокалдық қабілеттерін сынап көруде. Жұлдызды тәлімгерлер мен қазылар жас дарындардың арасынан Алматыда өтетін суперфиналға қатысатын кішкентай өнерпазды таңдап алады. «Бала дауысы» байқауының 4-маусымында Түркістан облысының намысын қорғайтын өнерпазды жобаның музыкалық продюсері Фарида Ниязова мен танымал әнші Балжан Бидаш анықтайды.

Балжан Бидаш, тәлімгер:

– Түркістан облысынан таңдалған баламен мен дуэт айтатын боламын. Финалға актерлық шеберлік, би, вокалдық жағынан өзіміз дайындайтын боламыз. Ақтық сын 25-27 қазан аралығында Алматы қаласындағы Республика сарайында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы