377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр елінде Елбасы туралы көрме ашылды

  • 224
  • UPD: 21:03, 08.04.2019

«Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам».

Қызылордада осындай атаумен жылжымалы көрме ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы алдында әскерилендірілген қойылым көрсетілді. Патриоттық әндер шырқалып, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Қазақ халқының талай ғасыр арманы болған Егемендік, Еркіндік, Азаттық деген қасиетті сөздер Ұлт көшбасшысының еселі еңбегімен ақиқатқа айналғаны да айырықша айтылды. Бұған дейін Шиелі, Қармақшы аудандарының тұрғындарына таныстырылған көрме «Елбасы жолы», «Елбасы феномені», «Әлем таныған Елбасы» және «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» деп айдар тағылған төрт бөлімнен тұрады.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырған көрме 19 маусымға дейін жалғасады.

Әмірхан Рахымжанов, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының директоры:

- Көшпелі көрменің ерекшелігі, оқушылар көп жерде қолмен ұстап, кітаптарды қарап, ашып, оқып, Елбасының сыныптан-сыныпқа көшкен табельдерін қолмен ұстап, кілең «5» деген бағаларын көріп, ерекше әсер алды. Сонымен қатар жәдігерлерді балалар қолмен ұстап көреді.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде арнайы Қызылорда облысының көкейтесті проблемаларын қарап, соның ішінде Арал мәселесін қарап, Үкіметке 3 жылдық кешенді жоспар қабылдауға тапсырма берді. 3 жыл көлемінде Қызылорда облысының дамуына 264 млрд тг қаржы бөлінейін деп отыр. Осы да Елбасының Сыр еліне деген, Арал өңіріне деген ерекше қамқорлығын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы