388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» аясында бірқатар сенсациялы жаңалық ашылды

  • 633
  • UPD: 20:27, 12.04.2019

Ертіс өңірінің археологтары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында соңғы екі жылдың ішінде тас дәуірінен бастап, орта ғасырларға тиесілі ескерткіштерге дейін жан-жақты зерттеді.

Сөйтіп, ел естімеген біраз сенсациялық жаңалық ашты. Бұл қандай жаңалықтар?

Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер халықаралық ғалымдардың назарына ілікті. Ертіс өңірінің бай тарихына қызығушылық танытқандардың қатарында украиналық ғалым Татьяна Крупа бар. Білікті маман 9-11 ғасырларға тиесілі мата үлгілерін зерттеуде. Мәселен, бұл сол заманда өмір сүрген дәулетті әйелдің бас киімі.

Татьяна Крупа, археологиялық текстиль зерттеушісі /Украина/:

- Бас киім арқылы аймақта дамыған өркениеттің болғанын білеміз. Осы тектес бас киім Шығыс Еуропада кездеседі. Десе де, Қазақ даласынан табылғандары өзгеше. Жәдігер Ертіс өңірінде жібек технологиясын меңгерген шеберлер болғанының дәлелі.

Бұл сәндік бұйымның пішіні шағын болса да, ғалымдар үшін сенсацияның өзі. Ағаш пен металлдан жасалған шаш қыстырғыш жақсы сақталған. Бұған дейін осы тектес артефакті еліміздің шығысында табылған. Бірегей жәдігердің екі данасы бүгінде мәскеулік Кунсткамераның қорында.

Елена Тушева, Margulan Сentre археологиялық-зерттеу орталығының көне технологиялар зертеушісі:

- Кішігірім заттан мол мағлұмат алдық. Көне технология туралы ақпарат береді. Сонымен қатар бұл аймақта шеберханалар болған. Жасалған әдісі де зерттеуді қажет етеді.

Қимақ дәуірінде өмір сүрген батырдың сауыт-сайманның көшірмесін жасауға бірнеше ай кетеді. Қайыс пен мыңдаған темір тілімі қажет. Осындай сауыттар кейін Еуропада пайда болған. Орталық мамандары жәдігерлерді зерттеп, реконструкциясын жасауда. Ғалымдар ата-баба әскери өнерін де дамытпақ.

Әлібек Қабылдинов, Margulan Centre археологиялық реконструкция зертханасының меңгерушісі:

- Темір сауыттар жақсы сақталған. Олар көп ақпарат береді. Бізде сақталған темір сауыттар олар ламинарттық сауытқа жатады. Ламинарттық сауыттар 15 келіге дейін барады.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Ертіс өңірінің ғалымдары соңғы екі жылыдң ішінде облыс аумағында қасиетті жерлерді толық зерттеп үлгерді. Бүгінде олардың қатары жүзден саналады. Ал Қазақстанның қасиетті географиясы тізіміне енгізілген тарихи орындардың төлқұжаттары жасалып, тарихи мағлұматтар жүйелендірілді. Айта кетейік, 18 ғасырда қазақ даласында танымал болған тұлға, мәмілегер Сұлтанбет Сұлтанның үй-жайының бұл көшірмесі респубикалық ескерткіштер тізіміне енгізілді.

Екі жыл ішінде ғалымдар тас дәуірінен Қазақ хандығына дейінгі кезеңді зерттеді. Мыңжылдық тарихы бар Қоңыр әулие үңгірі, Ақкөл Жайылма тарихи орны, Қимақ дәуіріне жататын ежелгі тұрақтар. Бұл әлемдік ғылыми қауымдастық тың жаңалық әкелген ескерткіштердің бір парасы ғана.

Еңлік Әбеуова, Margulan Centre археологиялық-зерттеу орталығының маманы, этнограф:

- «Алтынтөбе» Железинка ауданындағы бірінші рет сондай үлкен тарихи-мемориалдық тарихи-археологиялық кешендер зерттелді. Әрине тарихимызға үлкен жаңалықтарды енгізді табылған артефактілер бойынша. Мысалы, «Алтынтөбеде» тасқұрбандық анықталған болатын. Көлемі жағынан, жалпы, пішіні жағынан біздің өңірімізде сондай бір бірегейінің бірі деуге болады.

Ғылыми еңбектер екі томдық кітап пен фильмде көрініс таппақ. Ал бүгінгі тарихқа жаңалық енгізген олжалар облыс орталығында салынып жатқан музей кешенінің төрінен орын алмақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы