379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Ұлы дала алтыны» атты көрме ашылды

  • 89
  • UPD: 19:04, 12.04.2019
Өскеменде «Ұлы дала алтыны» атты көрме ашылды

Өскеменде «Ұлы дала алтыны» деп аталатын көрме ашылды. Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығына арналып отыр.

Көрмеге келген жұрт өлке тарихынан сыр шертетін түрлі жәдігерлерді көріп, олар жайлы мол мәлімет ала алады. Берел мен Шілікті қорымдарынан табылған артефактар да сонда. Сосын көпшілік назарына өткен жазда Тарбағатайдың Елеке сазынан табылған алтын адам жайлы деректер ұсынылған. Мәдени шара барысында белгілі археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев өз зерттеу жұмыстарын енгізген кітаптарын таныстырды. 

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы:

- Жүйелі түрде, сериялы түрде шығарылып отырылуы керек, егер осындай жұмыстар жүйелі түрде жалғаса берсе, сондықтан  да алға қойған мақсаттар көп бұның енді, үлкен әлгі ғылыми қорытыныдылары мәдениеттану жағынан басқа да жағынан, қорытындылардың бәрі ақырындап кейін шыға береді.

Әбдеш Төлеубаев, археолог, тарих ғылымдарының  докторы:

- Шіліктіде үлкен жұмыстар жасалып жатыр,сақтардың көне ескерткіштері зерттеліп жатыр, Зайсан ауданында біздің тобымыз сонау ерте палеолит, ерте энеолит дәуірінің ескерткіштерін ашып жатыр, Үйсін дәуірінің ескерткіштерін ашып жатырмыз. Осының барлығы да «Рухани жаңғыру» жобасы аясындағы үлкен жетістіктер деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы