379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде сазгер әрі бард-әнші Табылды Досымовты еске алу кеші өтті

  • 131
  • UPD: 23:36, 12.04.2019

Мәскеуде ақын, сазгер әрі бард-әнші Табылды Досымовты еске алу кеші өтті. Ол өзінің әсерлі әндерімен белгілі.

Көзі тірісінде талайды әніне елітіп, тамсандырған гитарашының жыраулық қасиеті де бір төбе. Шығармашылық кешті Ресей кинематографистер Одағы мен Қазақстан елшілігі бірлесіп ұйымдастырған. Табылды Досымовтың әндерін туған ұлы Әбіл Аяш орындады.

Табылды Досымовтың шығармашылық кеші қазақ бардының өмірі мен өнер жолы туралы дерек фильмнің көрсетілімінен басталды. Әндерінде Владимир Высоцкийдің әсерін аңғаруға болады, бірақ арқау болған негізгі тақырыптар  - қазақи. Ал өзі кезінде шығармашылығының тамыры жыраулар дәстүрінен бастау алатынын айтып жүрген.

Абыл Аяш, әнші:

- Әкем Қазақстандық бардық өнердің алғашқы үлгісін жасаған адам. Және әкемнің өнерін болашақта жалғастыру деген мақсатытарым бар. Этнобардизм жанрын әкелу  қазақ эстрадасына. Ерекшелігі этноаспаптарымыз, қобыздың үні, домбыраның үні сынды қазақтың ұлттық аспаптарын біріктіру аркылы шырқалатын әндері.

Табылды Досымов Мұкағали Мақатаев, Фариза Оңгарсынова, Тұманбай Молдағалиев пен өзге де белгілі ақындарымыздың өлеңдеріне көптеген ән жазған. Ал «Сәйгүлік», «Өмірзая», «Мен қазақпын» секілді жеке туындылары әлі күнге дейін көптің жадында.

Бижан Қалмағанбетов, Т. Досымов қорының директоры:

- Біз енді осы Табылды Досымовтың өнерін насихаттап Қазақстанда, Қытайда, Монғолияда өткізіп жүрміз. Содан ой келді бізге, неге осы Мәскеу жұртшылығына, көршілес ел, мәскеулік өнер сүйер қауымымен неге таныстырмасқа? Және Табылды Досымовтың ұлы, ізбасары, тұяғы өсіп келе жатыр, өлеңдерін жақсы орындап жатыр. Тұңғыш рет деген концерті Астана мен Алматыда өткізілді, міне сол концертті алып келіп отырмыз.

Жас өнерпаз Абыл Аяш Табылды Досымовтың өлеңдер жинағын қайтадан өңдеп, замануи аранжировкада шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша қазақ бардының туындылары көрерменге жаңа үлгіде ұсынылмақ.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы