377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда Әл-Фараби туралы анимациялық фильм жарыққа шықты

  • 195
  • UPD: 22:48, 13.04.2019

Әбу Насыр әл-Фараби туралы анимациялық фильм экранға жол тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оқсыз оқиғасы» атты бұл туынды Түркістанда  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орай түсірілген.

Жаңа туындыда әлемге әйгілі ғұлама Әл-Фарабидің балалық шағы, білім мен жаңашылдыққа деген құлшынысы сипатталады. «Тарихи деректер бойынша ғалым қазіргі Отырар ауданы аумағындағы Оқсыз қалашығында дүниеге келген. Сондықтан мултьфильмнің атын да «Оқсыз оқиғасы» деп қойдық», - дейді фильмнің режиссері Нуриддин Паттеев. 3D форматта әзірленген фильмнің ұзақтығы 25 минут.

Айта кеткен жөн, өңірде өткен жылы «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері және «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая мен «Ұлы Жібек Жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмі, сондай-ақ «Ордабасы – бірліктің туы» фильмдері жұртшылық назарына ұсынылды. Жақында «Түркістан» анимациялық фильмі мен «Төле би» атты 10 сериялы кинохикая  көрермен назарына ұсынылады.

Айғаным Құралбай, көрермен:

Мульт фильм маған ұнады. Әбу Насыр елді зұлымдықтан құтқарды. Менде өскенде сондай ақылды болғым келеді.

Нуриддин Паттеев, анимациялық фильмнің режиссері:

Кішкентай кезінің өзінде мемлекетке деген аз да болса пайдасын тигізу, өзінің білімімен сол замандағы химиялық жолдармен қарашыларды ұстап беру және сол кездегі қаланың әміріне жәрдем беру, балалрдың оқуға деген құштарлығын, еліне деген сүйіспеншілігін оятатын бірден бір фильм болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы