377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңіне 100-ден аса өнерпаз қатысты

  • 103
  • UPD: 13:36, 15.04.2019
Оралда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңіне 100-ден аса өнерпаз қатысты

Оралда «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының төртінші маусымының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кастингте 8 бен 12 жас аралығындағы 115 бала өнер көрсетті. Шығармашылық топ бұған дейін Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Ақтөбе облыстарына барып қайтты. Қазылар құрамында бірнеше жобалардың қатысушысы, белгілі опера әншісі Зарина Алтынбаева сынды өнер жұлдыздары бар. Байқау нәтижесінде 10 жасар Түгелбай Әлімжан финалға жолдама алды. «Бүлдіршіннің ерекше дауыс ырғағы, мінсіз есту қабілеті мен артистік шеберлігі зор», – дейді қазылар. Әлімжан алдағы күзде Қазақстанның басқа аймақтарынан келетін 16 жеңімпазбен жүздесіп, өнер жарыстырады. «Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен «Диснейленд» ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.

Толғанай Хасен, ұйымдастыру алқасының мүшесі:

– «Жұлдызды арман» үйінде бала вокал, хореография, актерлік шеберлік сабақтарына дайындалады. Ол балаға өзінің авторлық әндері жазылады және сахналық образдық киімдері тігілетін болады. Байқаудың финалына баланы біздер жақсы, қарқынды түрде дайындаймыз.

Хабар 24 телеарнасы