377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ниетіңіз үшін рахмет – Димаш ҚР Президентіне алғыс айтты

  • 160
  • UPD: 10:41, 17.04.2019
Ниетіңіз үшін рахмет – Димаш ҚР Президентіне алғыс айтты

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Димаш Instagram парақшасына былай деп жазды: «Ықылас, ниетіңіз үшін, аса зор құрметіңіз үшін көп рахмет, Қасым-Жомарт Кемелұлы!».

Ол жазбаның астына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram-дағы сөздерін келтірді. 

Еске сала кетсек, осыған дейін «Димаш Құдайберген ән өнеріндегі құбылыс. Нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», - деп жазды Президент инстаграм парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы