379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне өрт сөндіру құрылғылары орнатылады

  • 132
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне өрт сөндіру құрылғылары орнатылады

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің биік күмбезіне өрт сөндіру құрылғылары орнатылады.

Өйткені, күмбездің ішкі қабатында ағаш тіреулер болғандықтан өрт қауіпсіздігі үшін мұндай шаралардың маңызы зор, - дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Кесене ЮНЕСКО қорғауында. Сондықтан бүгін халықаралық ұйым өкілдері мен «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия тарихи ескерткіштің өрт қауіпсіздігін тексерді. Мамандар электр сымдары мен олардың жарамдылығын жіті қадағалап шықты.

Бақытжан Әмірханов, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры:

- Бұл жерде тек қана өрт сөндірушілерге сеніп қалмай біз өзіміз шешім қабылдап, алғашқы әрекеттерді жасауымыз керек. Жылда бізді ТЖД мамандары келіп тексереді, арнайы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді. ЮНЕСКО тарапынан келген мамандар бүгін электр жүйесін тексерген кезде өрт қаупі бар жерлерге от сөндіргіш ұнтақ қоюға ұсыныс берді. Ол түтін шыққан бойда ұнтақтар шашылып, өрт шыққан жерді бірден сөндіруге мүмкіндік туғызады екен.

Хабар 24 телеарнасы