378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Музейстар-2019» жобасы жұмысын бастады

  • 122
  • UPD: 23:55, 18.04.2019
Оралда «Музейстар-2019» жобасы жұмысын бастады

Оралда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және жастар жылына орай «Музейстар-2019» жобасы жұмысын бастады.

Жоба мақсаты - өңірдегі ірі жоғарғы оқу орындарының тарихымен таныстыруды көздейтін көрмелер ұйымдастыру. Бұл жолы шарада аймақтағы ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті өз жетістіктерін паш етті. «Білімді жастар – ел болашағы» атты көрмені тамашалаушылардың дені жастар. Олар жас ғалымдардың 3D принтердің жұмыс өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту, сирек кездесетін балық түрлерін сақтап қалу сынды ғылыми саладағы табыстарымен жақынырақ танысты.

Дархан Смағұлов,  Жәңгір Хан атындағы БҚАТУ ғылыми қызметкері:

- Ақжайық қой тұқымының жүні өте сапалы. Оның көптеген физикалық, техникалық қасиеттері бар. Біз жастарды осы ауылшаруашылық мамандығына баулып, қызығушылықтарын арттырғымыз келіп отыр. Себебі қазіргі таңда ауылда жұмыс жасайтын ауылым алтын бесігім дейтін жанашыр жас мамандар керек. 

Талшын Анатаева,  облыстық тарихи-өлкетану музейінің  қызметкері:

- Мақсатымыз музей арқылы жастарға ірі оқу орындарының, университетредің тарихын таныстыру. Жастар жылына музей көрмелер арқылы жастарды таныстыру. Мына көрме 1 ай тұрады, оған қала тұрғындары мен қонақтарды студенттерді, жастарды шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы