377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өнер қайраткерлері кезектен тыс президент сайлауына қолдау білдірді

  • 72
  • UPD: 23:32, 19.04.2019
Өнер қайраткерлері кезектен тыс президент сайлауына қолдау білдірді

Еліміздің мәдениет қайраткерлері де кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімге қолдау білдірді.

«Шабыт» шығармашылық сарайында өткен жиында Қазақ Ұлттық өнер университеті мен өзге де оқу орындарының өкілдері осы бастама төңірегінде ойларын ортаға салды.

Айман Мұсақожаева, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры:

- Біз бүгін Астана-Опера театрының салынғанын көрдік, университетіміздің қалай қалыптасып, дамығанына куә болдық және хореография академиясының құрылғанына көз жеткіздік. Мұндай өнер ошақтары аймақтарда да ашылып жатыр. Одан бөлек «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттерге тамаша мүмкіндік ұсынылып келеді. Мұның бәріне Елбасы бастамашылық етті. Оның саясаты алдағы уақытта да жалғаса беруін қалаймыз.

Валерий Күзембаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазір әлемдегі жағдай қиын. Сондықтан бізге тұрақтылық керек. Уақытша нәрсенің болуына жол бермеуге міндеттіміз. Президентіміздің сайлау өткізу жөніндегі шешімі өте орынды. Мәдениет қайраткерлері ретінде біз оны қолдаймыз. Азаматтарымыз да науқанға белсенді түрде қатысады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы