379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде «Айка» фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті

  • 168
  • UPD: 22:59, 19.04.2019

Берлинде Самал Еслямова басты кейіпкерін сомдаған «Айка» фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Көрсетілім ұйымдастырылған Хакише Хёфе кинотеатрында бос орын болмаған. Көптеген халықаралық байқауларда марапатталған, оның арасында  Германияның Коттбус қаласында Гран-Приге ие болған бұл картинаны көру үшін жұрт өзге қалалардан да арнайы келген. Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова көрсетілімнен кейін көрермендермен кездесті. Актриса алты жылға созылған бұл еңбектің зая кетпей, өз көрермендерін тапқанына риза. Берлинмен қатар бұл күндері «Айка» фильмі Лейпциг, Потсдам, Дрезден мен Майнц қалаларында көрсетіледі.

Самал Еслямова, актриса:

- Әрине алты жыл бойы түсірілген фильм өмірімнің бір бөлігі. Қаншама күш пен уақыт кетті, әрбір қимылымды жаттықтырдым, ол оңайға түскен жоқ. Өмірімде өте маңызды болған бұл рольді ешқашан ұмытпаспын. Ананың баласына деген сезімін, олардың арасында байланысын көрсеттім. Бұл тіршілігіміздің басты тақырыбы. Әрине бүкіл көрерменге әсер етті, себебі бәрінің де аналары бар ғой.

Хабар 24 телеарнасы