388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтті

  • 499
  • UPD: 23:36, 19.04.2019
Атырауда «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі өтті

Республикалық «Бала дауысы» ән байқауының төртінші маусымына үздіктерді іріктеу Атырау облысында жалғасты.

Мұнайлы өңірдегі шарада 8 бен 12 жас аралығындағы 200-ден астам талапкер бақ сынады. Қазылар алқасы олардың арасынан алдағы күзде Алматыда өтетін суперфиналға баратын бір ғана баланы таңдауы тиіс. Ақтық сынға қатысатын өнерпазды жобаның музыкалық продюсері Фарида Ниязова, танымал әнші Динара Сұлтан сынды өнер шеберлері анықтайды. Бүгінгі кастингте әр талапкер үш әннен орындады. Оларға әнді қалаған тілде орындау мүмкіндігі берілген. Басты талап балалар ешқандай музыкалық сүйемелсіз жанды дауыста ән шырқауы тиіс.

Темірхан Әли, жобаға қатысушы:

- Бұл кастингке бірінші рет қатыспақпын. Мен балаларға сәттілік тілеймін. Димаш Құдайберген секілді атақты әнші болып, бүкіл елге танымал болғым келеді.

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» байқауы жобасының жетекшісі:

- Барлығы әділ, ашық. Балаларымызбен бірге бізде ата-аналар да тыңдалымда отыр. Сол биылғы байқауымызға іріктеудің ерекшелігі осында. Балалар енді, Атырау облысының дайын әртістер екендігіне сенімдіміз. Себебі біздің алдыңғы жылдардағы финалистеріміз өздерінің өнерлерімен тамсандырды, таңқалдырды.

Хабар 24 телеарнасы