389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің Өзбекстанда сақталған тарихи жәдігерлері зерттелмек

  • 431
Еліміздің Өзбекстанда сақталған тарихи жәдігерлері зерттелмек

Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында көрші елдегі тарихи жәдігер, ескерткіштеріміз зерттеледі.

Қазір ала шапанды ағайындыларда 500-ден астам мәдени мұрамыз сақтаулы. Сондай-ақ биыл Елбасының жолдаулары мен еңбектері өзбек тіліне аударылып, кітапханаларына қойылмақ. Екіжақты мәдени қарым-қатынасты нығайту мақсатында Әлішер Науаидың 50 кітабы қазақшаға тәржімаланып, елімізге әкелінген. Мұның бәрі Достық үйінде өткен «Шығыс жұлдызы Науаи» атты халықаралық әдеби кеш барысында айтылды. Мәдени шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың меңгерушісі Жансейіт Түймебаев қатысты. Жиында Әлішер Науаидің өмірі туралы бейнеролик көрсетіліп, қонақтар қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады. Айта кетейік, бүгінде біздің елде өзбек халқының 500 мыңнан астам өкілі тұрады.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Көптеген батырлардың, ғұламаларымыздың қыр сыры ашылмаған. Сол байланыстарды нығайту мәселелері қолға алынады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы