378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяның бірінші ханымы қазақстандық жастарды корей тілін үйренуге шақырды

  • 174
  • UPD: 22:46, 22.04.2019
Кореяның бірінші ханымы қазақстандық жастарды корей тілін үйренуге шақырды

Елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Президенті Мун Чжэ Иннің зайыбы Ким Джонсук бүгін Назарбаев университетіне барды.

Ол студенттердің арнайы дайындаған заманауи биін тамашалап, жастармен тілдесті. Өскелең ұрпақ өкілдері екі ел арасындағы ынтымақтастықты жалғайтын алтын көпір екенін атап өтті. Орайы келгенде, жастарды тіл үйренуге шақырды.

Содан соң Назарбаев университетінің кітапханасын аралап, былтыр Корея елшілігінің қолдауымен ашылған «Корея бұрышын» көрді. Онда Таңғы самал елінің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін оқулықтар қойылған.

Ким Джонсук ханым оқу ордасына кітаптар сыйға тартты.

Хабар 24 телеарнасы