379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Қазақстанның мәдени аптасы басталды

  • 159
  • UPD: 08:50, 23.04.2019

Сеулде Қазақстанның мәдени аптасы басталды. Оны Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумының хатшылығы және елшілігіміз ұйымдастырып отыр.

Іс-шара Президент Мун Чжэ Инның Нұр-Сұлтанға жасаған сапарына орайластырылған. Екі елдің көшбасшылары экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізген кезде, Сеул тұрғындары қазақ әндері мен биімен танысты.

Сондай-ақ қазақстандық апта аясында сән және қазақстандық фильмдер көрсетілімі болады. Оңтүстік Корея көрермендері «Жерұйық» және «Жаңғақ тал» фильмдерін тамашалайды.

Іс-шараның ашылу салтанатында Сеулдегі қазақ диаспорасының өкілдері және студенттері қатысқан.

Төлеген Мұханов, көрермен:

- Осындай шаралардың берері көп. Шетелдіктер бұл арқылы қазақтың дәстүрі және мәдениетімен танысады.

Лим Чхоль Ву, Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумы хатшылығының директоры

- Мун Чжэ Ин Президентінің Қазақстанға сапарына орай, біз қазақ дәстүрлері мен мәдениетін көрсетіп, осындай мереке ұйымдастырдық. Шараға қонақтар көп келді. Сондықтан олар Қазақстан туралы көбірек білгісі келеді деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы