378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасында қос бірдей ерекше көрме ашылды

  • 208
  • UPD: 22:20, 23.04.2019
Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасында қос бірдей ерекше көрме ашылды

Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасында екі бірдей ерекше көрме ашылды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрмеге қойылған экспонаттар екі бөлімге топтастырылған.

Біріншісі құрмет белгісі асатаяққа, екіншісі мантияларға арналып отыр. Жиырмаға жуық асатаяқты шетелдік делегация өкілдері мен қазақ елінің азаматтары Елбасының ел дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін құрмет білдіре сыйлаған. Әрбір асатаяқ қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнерінің ережесіне сай жасалған. Экспозицияда ұсынылған асатаяқтар зергерлік және көркем өнердің теңдессіз туындылары. Олардың үсті жартылай асылтастармен көмкерілген. Көрменің екінші бөлігінде  шетелдік оқу орындарының  мантиялары қойылған. Келушілер назарына Жапония, Корея, Қытай, Вьетнам, Канада, Ресей елдері университеттерінің Елбасына берген мантиялары ұсынылған.

Күляйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы  директорының орынбасары:

- Осы Билік Нышандары ұлы даланың тарихында хандар болсын,батырлар болсын бес қару қатарында асатаяқтары жүретін. Қазіргі кезде Елбасы кітапханасының қорында бірнеше сақталған билік нышандарын алғаш рет көрсетіп отырмыз. Бұл көрмеміз ұзық мерзімде орналасатын болады, осы жаздың аяғына дейін біздің келушілеріміз келіп көрулеріне болады.

Хабар 24 телеарнасы