378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Операның» жетекші солисі атақты Ильдар Абдразаковпен «Аттила» операсында өнер көрсетеді

  • 98
«Астана Операның» жетекші солисі атақты Ильдар Абдразаковпен «Аттила» операсында өнер көрсетеді elorda.info

«Астана Опера» жетекші солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина 28 сәуір мен 5 мамыр күндері Башқұрт опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетпек.

Әнші Джузеппе Вердидің «Аттила» операсында басты Одабелла партиясын аталмыш спектакль премьерасында басты партияда өнер көрсететін атақты бас Ильдар Абдразаковпен бірге орындайды. Айта кетсек, И.Абдразаков осынау операда өзін алғаш рет режиссер ретіндегі қырынан танытпақ.

– Әріптестеріммен бірге Ильдар Абдразаковтың шақыртуымен өнер көрсетемін. Екеуміз «Аттиланы» әлемнің көптеген сахналарында орындадық, олардың ішінде Opera Bastille, «Астана Опера» театры бар, енді, міне, Башқұрт опера және балет театры қатарға қосылады. Онымен бірге ән айту – бір ғанибет, сондықтан да ол үшін екі есе жауапты болып табылатын спектакльге қуана-қуана қатысуға келісімімді бердім. Партияға қатысты айтар болсам, менің Одабеллам – рухы мықты, жігерлі, сонымен қоса сүйетін әрі нәзік жан, – деп атап өтті әнші.

Хабар 24 телеарнасы