378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Құдайбергеннің өнеріне тәнті болған америкалық әншілер Қазақстанға келуді армандайды

  • 132
  • UPD: 15:30, 28.04.2019

АҚШ шоу-бизнес өкілдері Қазақстанға келуге ниет білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Димаш Құдайбергеннің The World’s Best сайысына қатысуы Америка әншілеріне ерекше әсер еткен. Олар Димаштың өнеріне қызығып, әлемдік сахналардағы концертін ықыласпен көруде. Димаштың жанкүйерлері әншінің туған жеріне келіп, Ұлы дала елінің бай мәдениетімен танысуға ниетті.

Джек Николсон, әнші:

- Музыкамен 7 жылдан аса айналысып жүрмін. Әнші ретінде мансабымды «Готэм дауысы» хорында бастағанмын. Содан кейін Бруклин ансамблінің солисі болдым. Соңғы 4 жыл бойы Нью-Йорк сахналарында ән айтып жүрмін. Қазақстан туралы аз білетінмін. Бірақ әншілеріңіз  Димаш Құдайберген The World’s Best сайысына қатысқаннан кейін, өзіме белгісіз болған Қазақстан мәдениетін аштым. Енді елдеріңізге баруды армандап жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы