378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеул тұрғындары қазақтың салт-дәстүрімен танысты

  • 172
  • UPD: 15:30, 28.04.2019

«Корея – Орталық Азия» ынтымақтастық форумының хатшылығы және Қазақстан елшілігі оңтүстіккореялықтарды Ұлы дала елінің мәдениетімен таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Кореяда оқитын студенттер көрермендерге беташар, шашу салтын көрсетіп, ұлттық ойындар ойнатылды. Қонақтар тойда көңіл көтеріп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Мерекеде балалар арасында өткен Қазақстан суреттері байқауының қорытындысы жарияланды. Он екі жасар Ким Чан Су бірінші орынға ие болды. Ол Алтын адам суретін салып ерекшеленді.   Чан Суның пікірінше, ежелгі жауынгер Қазақстан символына айналды. Байқауға қатысқан туындылар арасында қаза елінің тұмса табиғаты мен «Бәйтеректің» суреттері көп болды.

Сон Хен Сик, Сеул қаласының тұрғыны:

- Кореяда Орталық Азия туралы мәлімет аз. Бірақ бүгін мен көп нәрселерді тани білдім. Қазақстан мен Корея салт-дәстүрлер арасында үлкен айырмашылық бар, бірақ ұқсастық да бар. Мысалы, арқан тартыс ойыны, Кореяда да сондай дәстүр бар. Біз сіз сияқты тойды дастархан жайып тойламыз.

Хабар 24 телеарнасы