379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті

  • 239
  • UPD: 19:39, 28.04.2019

Елбасы Қытайға сапары аясында әйгілі актер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Елбасымен кездесуде өзінің шығармашылық тобымен келді. Сондықтан әңгіме аясы тек қол алысып, жылы жүздесумен шектелген жоқ. Алдағы уақытта Қазақстанмен бірлесіп қолға алынатын жобалар жайы қаралды. Джеки Чанның әлемдік киноөндіріске қосқан үлесі зор. Өз тәжірибесінде тек актер ретінде қызмет еткен жоқ, кино түсіріп, сценарий жазды, продюсерлік етіп, каскадерлік қабілетін де көрсетті. Сол үшін 2016 жылғы «Оскар» сыйлығын алған. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев актердің даралығын айшықтап, шеберлігіне шын тәнті екенін айтты. Еске сала кетейік, Джеки Чан Қазақстан елордасына 2017 жылы келген болатын. Содан бері екі елдің мәдени байланысын дамытуға өзіндік үлес қосып келеді. Сондықтан Елбасы оған осы жолда барынша көмектесіп, қолдау білдіретінін жеткізді.

Джеки Чан, актёр, кинорежиссёр, продюсер, каскадёр:

– 2017 жылы мен ЕХРО көрмесіне қатыстым. Өте жылы қабылдады. Содан елге оралған соң сіздің елмен қандай салада ынтымақтасуға болатыны жөнінде көп ойландым. Сөйтіп биыл бірлесіп кино түсіру туралы ұсыныс жасадым. Құзыретті органдардың қолдауына ие боламыз деп сенемін. Бұл біздің мәдени ынтымақтастығымыздың алғашқы қадамы болмақ. Сіздің қолдау көрсетіп келе жатқаныңызға алғысымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы