378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Голос. Дети» финалисі Ержан Максим МУЗ-ТВ сыйлығын тапсыру салтанатына шақырылды

  • 182
  • UPD: 16:29, 28.04.2019
«Голос. Дети» финалисі Ержан Максим МУЗ-ТВ сыйлығын тапсыру салтанатына шақырылды Sputnik Казахстан

Оралдық әнші Ержан Максим Ресейдегі «Голос. Дети» ән жобасында екінші орынды иеленді.

Ержан ресейлік тележобаның барлық финалынан сүрінбей өтіп, әділ қазыларды таң қалдырған болатын. 12 жастағы әншінің дауысына Валерий Меладзе, Светлана Лобода және Пелагея сынды дүлдүлдер қайран қалып, өнеріне жоғары баға берген. Ол алғашқы күннен бастап тәлімгерлікке Валерий Меладзені лайық деп тапты. Айта кету керек, «Еуровидение 2018» балалар байқауының іріктеу кезеңінде Ержан екінші орыннан көрінген болатын. Ержанды мамандар «Голос» балалар байқауының таңғажайып дауысы деп бағалады. Себебі ол Муслим Магомаевтың әнін орындау барысында тіпті шыны ыдыс шытынап кеткен. Ауқымды байқауда ресейлік әнші Алсу мен атақты бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова жеңімпаз деп танылды.

Хабар 24 телеарнасы