379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бала дауысы» байқауының іріктеу сынына Қостанай облысынан 100-ден астам өнерпаз қатысты

  • 198
«Бала дауысы» байқауының іріктеу сынына Қостанай облысынан 100-ден астам өнерпаз қатысты

Республикамыздың түкпір-түкпірін аралап, жас әншілер іздейтін байқау Қостанайға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бала дауысы» сайысының іріктеу сынында облыстың әр елді мекенінен 100-ден астам жас талант бақтарын сынады. Бүлдіршіндердің өнерін жұлдызды тәлімгер Данияр Өтеген бағалады. Айта кету керек, былтырғы өнер додасында осы Тобыл өңірінің тумасы Исатай Болатхан топ жарған еді. Ол Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу грантын иеленіп, жақында Гонконгтегі «Диснейлэндтен» оралды. Жас таланттардың талабын тасыта түсетін байқау осымен төртінші рет ұйымдастырылып, бүгінде халық ілтипатына бөленіп үлгерген.

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» жобасының менеджері:

– Қостанайлық балалар өте талантты. Олардың дауыстары қоңыр. Әртістік шеберліктері бізді таңқалдырып, тамсандыруда.

Хабар 24 телеарнасы