378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Shinework Pictures» басшысы Елбасыға «Композитор» фильмі бар дискіні сыйлады

  • 179
  • UPD: 22:36, 28.04.2019
«Shinework Pictures» басшысы Елбасыға «Композитор» фильмі бар дискіні сыйлады Aidos_Ukibay

«Shinework Pictures» кинокомпаниясының басшысы Джонатан Шень Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Композитор» фильмі бар дискіні сыйға тартты.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Бүгін Джеки Чанмен кездесу алдында Нұрсұлтан Назарбаев «Shinework Pictures» компаниясының басшылығымен әңгімелесті. Кездесу соңында компания басшысы Джонатан Шень Елбасыға «Композитор» фильмі бар дискіні сыйлады», - делінген жазбада.

Хабар 24 телеарнасы