378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әнші Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

  • 236
Әнші Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды caravan.kz

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды, ​деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәденит және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж.Сейдуллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды. Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», делінген хабарламада.

Бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің» эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсетті. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған. ​ ​

«Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші, актриса әрі жас продюсер ретінде Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрада өнерінің дамуына елеулі үлес қосуда. ​ ​Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды», делінген хабарламада. ​ ​

Хабар 24 телеарнасы